Алматы облысында сауда үйін тонағандар ұсталды
Алматы облысында қаңтардағы дүрбелеңде Апорт сауда орталығында ұялы телефондарды қолды қылған жергілікті тұрғын ұсталды. Бұрын сотталған азаматтан бағасы қымбат 12 смартфон мен 4 планшет айғақ зат ретінде тәркіленді. Жалпы Қарасай ауданы бойынша қазіргі таңда тонау дерегі бойынша 20 күдікті анықталып, олардың 200-ден астам тұрмыстық және компьютерлік техника табылды.
Қаңтар оқиғасына қатысы бар азаматтарды анықтау мақсатында ауданда кешенді шаралар жалғасып жатыр. Бейнебақылау камераларындағы жазбалар қаралып, куәгерлерлерден түсініктемелер жинастырылуда.
Серік Тұрпанбаев, Қарасай аудандық полиция бөлімі басшысының орынбасары:
Күдіктілер қолды қылған заттар иелеріне қайтарылды. Аудан аумағында тонау деректерін анықтау бойынша кешенді шаралар әлі жүріп жатыр. Барлық іс-қимыл аудандық және облыстық полиция департаменті басшыларының тікелей қадағалауында.
Қуаныш Қанатұлы
Автор
Қуаныш Қанатұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жастар табиғатты қорғаудың тың тәсілдерін паш етті
04.05.2026, 20:27
Astana IT University MIT IDSS-пен серіктестік орнатты
04.05.2026, 20:27
Қазақстан мен Оңтүстік Корея бірлескен фильм түсіреді
04.05.2026, 20:23
Ғалым: Қожа Ахмет Ясауи ілімін терең зерделеу қажет
04.05.2026, 20:21
Өскеменде мектеп түлектері 2500 түп көшет отырғызды
04.05.2026, 20:18
Алматыда екі жасөспірім пышақ жарақатынан қаза тапты
04.05.2026, 20:17
Стоматологиядағы қайғылы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды
04.05.2026, 20:14
Орталық Азияға астық экспорты 48 пайызға артты
04.05.2026, 20:13