Қызылорда: Қаңтар оқиғасының жаңа видеолары пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда: Қаңтар оқиғасының жаңа видеолары пайда болды

10.02.2022

Қаңтар оқиғасы кезіндегі бүліктің жаңа видеосы пайда болды. Бейнежазбада Қызылорда қаласындағы тәртіпсіздіктер анық көрінеді. Бұзақылар көліктерді сындырып, өртеп, тіпті қолдарына қару алып, атысқан.

Сондай-ақ күштік құрылым өкілдеріне қарсы шабуылдап, тас лақтырып, әкімдік ғимаратына баса көктеп кіргенін байқауға болады. Айта кетсек, Қызылорда облысында жаппай тәртіпсіздік салдарынан 9 әкімшілік ғимаратқа залал келген. 26 кәсіпкерлік нысан зардап шекті.


Хабарламаларға жазылу