Қаңтар оқиғасының жаңа видеолары пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасының жаңа видеолары пайда болды

17.02.2022

Қаңтар оқиғасы кезінде бейнекамераларға түсіп қалған жаңа видеолар тарап жатыр. Бейнежазбалардан бүлікшілердің полиция қызметкерлері мен әскерилерге қатігездікпен шабуыл жасағанын байқауға болады. Сондай-ақ, көліктерді сындырып, төңкеріп, қалқандарын тартып алған. Мемлекеттік нысандарды қиратып, тас атып, баса көктеп кіруге әрекет еткендер де видеодан анық көрінеді. Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен, Семей және басқа да қалаларда қаңтар оқиғалары кезінде 1466 нысан бүлінген. Оның ішінде – 71-і мемлекеттік мекеме және 1400-ге жуық бизнес нысанға зақым келді. 700 көлік қираған.  

Ақниет Балтанова

Хабарламаларға жазылу