«Қаңтар оқиғасының» жаңа видеолары пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қаңтар оқиғасының» жаңа видеолары пайда болды

07.02.2022

Қаңтар оқиғасының жаңа видеолары пайда болды. ІІМ жіберген кадрларда, түрлі құралдармен қаруланған топтың полициямен қақтығысып, Алматы қаласы әкімдігінің ғимаратына басып кіргенін көруге болады. Тағы бір жерде де, осыған ұқсас жағдай. Ашулы топ құқық қорғаушыны жерге алып-ұрып төпелеп жатыр. Ал, мына бейнекөріністерде адамдардың дүкен терезесін сындырып тіпті, темір қорғанышын көлікпен тартып құлатқанын аңғаруға болады. Сосын ішке лап қойғандар, сөре әйнектерін сындырып, қолына іліккенін алып жатыр. Айта өтейік, соңғы мәліметке сәйкес, жаппай тәртіпсіздік кезінде зардап шеккен нысандар саны 1573-ке жеткен. Жалпы шығынның мөлшері 88 миллиард теңгеден асты. 

Хабарламаларға жазылу