Қаңтар оқиғасының жаңа видеолары пайда болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қаңтар оқиғасының жаңа видеолары пайда болды

14.02.2022

Қаңтардағы қақтығыстар бойынша жаңа видеолар пайда болды. Онда оқиғаның өрбу тізбегі көрсетілген. 4 қаңтарда 500-дей жас Момышұлы мен Рысқұлов көшесінің қиылысына жиналған. Наразы топ Ұлттық ұлан әскерін қоршап, соққыға жыққан. Ал келесі күні демонстранттар полицейлерге күш көрсетіп, әкімдікке дүрсе қоя береді.

Түн жарымда «Алматы тазалық» мекемесінің көлігін мініп алып, қоршауды бұзуға әрекеттенеді. Полицейлер шулы-жарық, көз жасаурататын және газ гранаталарын қолданған. Бірнеше көше жеңіл және жүк көліктерімен жабылды. Машиналардың мемлекеттік нөмірі болмаған. 

Хабарламаларға жазылу