Талдықорғандық үш жастағы сырқат балаға 1 млрд теңгенің екпесі қажет - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғандық үш жастағы сырқат балаға 1 млрд теңгенің екпесі қажет

07.02.2022

Талдықорғандық үш жасар Нұртас Ерболұлының еміне 1 млрд теңге қажет. Арқа бұлшық етінің атрофиясына шалдыққан балаға керек екпенің құны осындай. Қазір кішкентай бүлдіршіннің салмағы - 12 кг 500 грамм. Егер тағы бір келі қосып алса, жағдайы қиындай түседі, дейді Нұртастың анасы. Сондықтан жергілікті тұрғындар, еріктілер, кәсіпкерлер мен қайырымды жандар «Нұртас өмір сүрші!» деген ұранмен жәрмеңке ұйымдастырып, жиналған қаражатты арнайы құрылған қорға тапсыруды қолға алды. Шараға жетісулық өнерпаздар, би ұжымдары да атсалысып, концерттік бағдарлама әзірледі. Көрермендер арасында ұтыс ойындары ойнатылып, сыйлықтар мен сертификаттар таратылды. Күні бойы өткен жәрмеңкеден 4 млн теңгеге жуық қаражат жиналды.

Гауһар Қыдырбекова, Нұртастың анасы:

1 млрд теңге жинау өте қиын. Қаржы жинап жатқанымызға бір жылдай болып қалды. Бірақ жаңа жылдан бері кішкене қарқын көбейді қайырымды жандардың арқасында. Қазіргі таңда 200 миллионнан астам жиналды. Енді көптеген іс шаралар алдыда жоспарлануда. Ақшаны жақын арада жинап, ем аламыз деген ойымыз бар.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу