Австрияда бүгіннен бастап вакцина салу міндеттелді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрияда бүгіннен бастап вакцина салу міндеттелді

01.02.2022

Австрияда бүгіннен бастап коронавирусқа қарсы вакцина салу міндеттелді. Бұл ережені елдің ересек тұрғындарының бәрі орындауы тиіс. Ал оған бағынғысы келмегендер 600 еуродан бастап 3600 еуро көлемінде айыппұл төлеуге тиіс.

Үкімет екпе алуды міндеттеу арқылы иммундау деңгейін көтеруді көздейді. «Рейтердің» мәліметінше, австриялықтардың 75,4 пайызы ковидке қарсы вакцинаның толық дозасын алған.

Арай Төлегенқызы


Хабарламаларға жазылу