Талдықорғанда жылжымалы екпе кешені жұмысын бастады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда жылжымалы екпе кешені жұмысын бастады

22.04.2021

Бүгіннен бастап Талдықорғанда жылжымалы екпе кешені жұмысын бастады. Арнайы жабдықталған автобус халық ең көп шоғырланған жерлерге барып, тұрғындарға вакцина салып жатыр.

Қуаныш Қанатұлы, тілші:
Жылжымалы вакцинациялау кешені қаладағы Біржан сал көшесіне орналасты. Себебі бұл жерде Арбат және ірі-ірі сауда кешендері орналасқан. Сондықтан халықтың қарасы үнемі қалың. Таңғы сағат 10.00-ден халық кезекке тұрып өз екпелерін алып жатыр. Түске дейін 50 компонент дайындалса, түстен кейін түстен кейін тағы 100 компонент салу жоспарланған. Ал екпе алғандар қасында тұрған сары автобусқа жарты сағатқа бақылауға алынады. 

Жалпы Алматы облысы бойынша 100 мыңнан астам адам екпе алып үлгерді. 11 мыңы екінші компонент салдырды. Алдағы уақытта тағы 100 мың доза вакцина әкелінеді деп жоспарланып отыр. Мендегі ақпарат осы. Армангүл сөз тізгіні өзіңізде. 


Хабарламаларға жазылу