Австрияда дүйсенбіден бастап локдаун жариялануы мүмкін - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Австрияда дүйсенбіден бастап локдаун жариялануы мүмкін

19.11.2021

Австрияда коронавирус өршігендіктен дүйсенбіден бастап елдің күллі аумағында толық локдаун енгізілуі мүмкін. Бұған дейін билік тек вакцина салмаған тұрғындардың жүріп-тұруына шектеу қойған еді. Қатаң локдаун 10 күнге жалғасуы мүмкін. Ал, ақпанның 1-нен бастап ел азаматтарының бәрінен вакцина салу талап етілмек.

Германияның Денсаулық сақтау министрлігі де елде коронавирусқа қатысты эпид ахуалдың нашарлауына орай қатаң локдаун енгізілуі мүмкін екенін мәлімдеді. Бір тәулікте мұнда 53 мыңға жуық адам індет жұқтырған. Вирустан 201 науқас қайтыс болды. Осыған орай үкімет бүгін коронавирусқа қатысты жаңа шектеу шараларын жарияламақ. 

Арай Төлегенқызы

Хабарламаларға жазылу