Ұлыбританияда жасы 40-тан асқандарға вакцинаның үшінші дозасы салынады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ұлыбританияда жасы 40-тан асқандарға вакцинаның үшінші дозасы салынады

15.11.2021
0:00:00
0:00:00

Австрияда толық вакциналанбаған миллиондаған адам бүгіннен бастап карантинге алынады. Сондағы мақсат – қайта өршіген коронавирусты шектеу.

Канцлер Шалленбергтің мәлімдеуінше, елде ковид жұқтыру оқиғалары азайып келе жатқанымен, мұндай науқастар екпе салдырмағандар арасында көбейіп отыр.

Австрияда халықтың 65 пайызы толық иммундалған. Алайда бұл – Батыс Еуропадағы ең төменгі көрсеткіштердің бірі. Жергілікті тұрғындардың бір бөлігі парламенттегі үшінші ірі партияның сөзіне сеніп, вакцинаға күмәнмен қарайды.

Жаңа локдаунға сәйкес, вакциналанбаған азаматтар үйлерінен жұмысқа және дүкенге бару үшін ғана шыға алады. Дегенмен бұл ереже 12 жасқа дейінгі балаларға қолданылмайды екен.

Ал Ұлыбританияда коронавирусқа қарсы толық иммундалған 40 жастан асқан тұрғындарға вакцинаның қосымша дозасы салынады. Бұған дейін үшінші екпені жасы 50-ден асқандарға салу туралы шешім қабылданған еді. Бұл қыс кезінде иммунитеттің төмендеп, вирустың өршуіне жол бермеу үшін жасалып отыр. Британиялық зерттеулерге қарағанда, ковидке қарсы қосымша вакцинаның егде жастағы адамдардың денсаулығына 90 пайыз тиімді екені дәлелденген. 

Арыстан Рысбек

Хабарламаларға жазылу