Мемлекет басшысы Роман Скляр мен Алтай Көлгіновті қабылдады - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Мемлекет басшысы Роман Скляр мен Алтай Көлгіновті қабылдады

31.01.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-Министрдің бірінші орынбасары мен Нұр-Сұлтан қаласының әкімін қабылдады. Роман Скляр мен Алтай Көлгінов Президентке елорданың әлеуметтік-экономикалық және инфрақұрылымдық дамуы жөнінде есеп берді.

Әлеуметтік нысандардың құрылысы, газбен қамту ісі, үлескерлік құрылыс нысандарының аяқталуы туралы баяндады. Биыл бас қалада 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 3 есе артқан. Әрі тағы да көппәтерлі 40 тұрғын үй кешенінің құрылысы аяқталады. Және 16 мектеп салынады. Мемлекет басшысы әлеуметтік нысандар құрылысының көлемін ұлғайту, тозығы жеткен ескі тұрғын үйлерді сүру және жаңа тұрғын үй кешендерін дамытуға назар аударуды тапсырды.

Сондай-ақ жұмыс орындарын ашып, жастарды қолдау мәселесі басым бағыттардың бірі болуы тиіс. 

Хабарламаларға жазылу