Ақтөбеде өнерпаздар эстафетасы басталды
«Өнерлі ордам - Ақтөбе». Ақтөбеде осылай аталатын облыстық өнер эстафетасында мәдениет және өнер мекемелері сыналады. Осы сала мамандарының өзара тәжірибе алмасып, жұмыстарын дамытуына негізделген шара екінші рет ұйымдастырылды.
Эстафета салтанатты түрде ашылды. Енді оған ауылдық және аудандық клубтар мен мәдениет үйлерінің қызметкерлері бір ай бойы қатысады. Керуен ауыл-ауылды, әр ауданды аралап жеңімпаздар анықталады.
Нәзира Табылдинова, Ақтөбе облыстық Мәдениет, мұрағат және құжаттама басқармасының басшысы:
Облыс бойынша жалпы 472 мәдениет ошағы болса, соның тең жартысы ауылдық клуб, ауылдық кітапхана. Бұл эстафета шығармашылық табысты көрсететін үлкен өнер бәсекесіне айналады деген сенімдеміз.
Әлия ТАЛАСОВА
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Цифрландыру үрдісі қоғамдық мәдениетке де әсер етеді
12.11.2026, 17:30
Астанада «Санаткер ұлт» пікірталас алаңының отырысы өтті
12.11.2026, 17:28
Масылдық сана – қоғам дамуына кедергі
12.11.2026, 17:27
Орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа таяды
12.11.2026, 17:23
Ғалымдардың 48%-ы жастар
12.11.2026, 17:22
БҚО-да «Заң мен тәртіп» аясында студенттер дәріс тыңдады
12.11.2026, 17:20
Кассациялық сотқа түсетін істер 3,5 есе көбейген
12.11.2026, 17:19
ШҚО-да өрт қауіпсіздігін сақтау шаралары күшейтілді
12.11.2026, 17:17