«Оператор РОП» басшыларының бірі Руслан Шәмшиев қайтыс болды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Оператор РОП» басшыларының бірі Руслан Шәмшиев қайтыс болды

26.01.2022

Утильалыммен айналысқан лауазымды тұлғалар қамауға алынды. Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен «Оператор РОП» басшысы Медет Құмарғалиев елордадағы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Олар жемқорлыққа қатысты күдікке ілінген. Кей мәліметтерге сенсек, екеуі де елден қашпақ болған. Пірімқұлов вице-министр қызметін 2019 жылдың шілдесінен бастап атқарды. Құмарғалиев та сол жылы компания басшысы болып тағайындалған еді.

Ал бүгін «Оператор РОП» басшыларының бірі Руслан Шәмшиевтің көз жұмғаны туралы хабарланды. Алдын-ала болжам бойынша ол өзіне қол жұмсаған. Мүрдесі жұмыс кабинетінен табылды. Елордалық полиция бұл іс бойынша қылмыстық кодекстің 105-бабы бойынша, яғни «өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша тергеуді бастады. Шәмшиев былтырдан бері компанияның құқықтық мәселелерімен айналысқан. Оған дейін «Азаматтарға арналған үкімет», Көліктік прокуратура және кеден органдарында қызмет етті.


Хабарламаларға жазылу