Заңгерлер Жолдауды талқылады
Президенттің ауқатты азаматтарға салықты көтеру керек деген ұсынысын заңгерлер мен адвокаттар қолдап отыр. Әділет министрлігі жанындағы қоғамдық кеңестің отырысы өтіп, Жолдауда айтылған бастамалар талқыланды. Жиынға қатысушылар азаматтық заңнаманы дамытудың өзекті бағыттарын қарастырып, жаңа Азаматтық кодексті әзірлеуге қатысты пікір алмасты. Құжатта қоғамдық және экономикалық үдерістердің қазіргі талаптарын ескерілмек.
Марат Бәшімов, Құрылтай депутаты, ӘМ қоғамдық кеңесінің төрағасы:
Қоғамдық кеңес мүшелері Президент Жолдауында айтылған бастамаларды қолдап отыр. Өйткені оның ішінде айтқан барлық нәрселері біздің Конституцияға сәйкес келеді. Заңдарды Ата заңға сәйкес келтіру керек. Әр саладағы Бюджет кодексіне өзгерістер, Салық кодексіне өзгерістер, Азаматтық кодекске өзгерістер қандай мақсат қойып отыр? Қарапайым азаматқа көмектескенге, қоғамға, билікке. Шарттар түсінікті болуы керек. Жеңіл болуы керек. Тұрақты болуы керек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы