Басты Жаңалықтар Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады

Сарапшы: Жолдау мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырады

Биылғы Жолдауда Мемлекет басшысы ел дамуының басым бағыттарын айқындап қана қоймай, қоғам алдында тұрған өзекті мәселелерге де ерекше тоқталды. Президент бірқатар саланың дамуындағы кемшіліктерді атап, оларды шешудің нақты жолдарын ұсынды. Сарапшылардың пікірінше, Жолдаудың ерекшелігі де осында. Яғни, құжатта болашаққа арналған жоспарлармен қатар, бүгінгі күннің шынайы сын-қатерлері де ашық көрсетілген. Бұл мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттырып, қабылданған шешімдердің нәтижесіне деген жауапкершілікті күшейтуге бағытталған. Жолдауда белгіленген міндеттердің орындалуы елдің экономикалық тұрақтылығы мен ұзақмерзімді даму қарқынына тікелей әсер етеді.

Андрей Марголин, РФ Президенті жанындағы халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясы ректорының орынбасары:

Менің ойымша, биылғы Жолдаудың басты ерекшелігі – экономикалық даму мен ұлттық мүдделердің арасындағы тепе-теңдікті сақтауға басымдық берілуі. Әсіресе, жеке инвестицияларды тарту мен мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдаудың үйлесімділігі маңызды. Себебі инвестициялық ахуалды жақсарту үшін қолайлы жағдай қалыптастыру ғана емес, мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін де арттыру қажет.

Бөлісу