Алматыдағы жол инфрақұрылымына 50 млн теңгеден астам шығын келген - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Алматыдағы жол инфрақұрылымына 50 млн теңгеден астам шығын келген

24.01.2022

Алматыдағы бүлік кезінде жол инфрақұрылымына 50 млн теңгедей шығын келді. 46 бағдаршам, 120-дан астам жол белгісі мен 2 000 шаршы метрдей тротуар жабындысы бұзылған.  

Қазір олар толықтай қалпына келтірілді. Сондай-ақ, құрылысы жүріп жатқан 3 ірі жолайрықтың қашан пайданалуға берілетіні белгілі болды. Бұқтырма - Құлжа, Сейфуллин - Жансүгіров және Сайн - Мөңке би жолайрықтарының құрылысы жоспарға сай жүріп жатыр. Талғар ауданында 2 жер телімін сатып алу қажет. Бұл мәселені облыс әкімдігі қолға алған. Мәселе жақын арада шешімін тапса, бірінші жарты жылдықтың соңына дейін эстакада мен жанама жолдарды салу бойынша құрылыс аяқталмақ. Ал, қыркүйек айына дейін жолайрық қолданысқа беріледі.

Ғани Мырзаханов, қалалық Мобильдік басқармасының басшысы: 

Сейфуллин даңғылы мен Жансүгіров көшесі жолайрығы бойынша жұмыстар сатып алынған жер телімдерінде жүргізулде. Әлі күнге дейін 16 жер телімі сатып алынған жоқ. Бұл жер телімдері бойынша сот рәсімдері жүргізіліп жатыр. Көлік қозғалысы ағымдағы жылдың аяғында, ал толық пайдалануға беру келесі жылға жоспарланып отыр.

Нұрсұлтан Тілектесов


Хабарламаларға жазылу