«Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан берілген ақшаға салық салынбайды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

«Қазақстан халқына» қоғамдық қорынан берілген ақшаға салық салынбайды

24.01.2022

Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдері айтты. Бұл қаражат қайтарымсыз алынған мүлік ретінде алушының табысы саналады. Сондықтан Салық кодексінің нормалары қайта қаралып, өзгеріс енгізілмек. Бұдан бөлек, қорға қаржы аударушыларды ынталандыру көзделген. Атап айтқанда, оларға салық салынатын кірісті азайту құқығы ұсынылады. 1 қаңтардан бастап «E-Salyq Вusiness» мобильді қосымшасымен жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа арнайы салық режимі енгізілген. Елдегі шағын бизнес 2023 жылға дейін салықтан босатылғанын атап өту керек.

Ал ірі бизнес нысандары, оның ішінде, тәртіпсіздік кезінде зардап шеккендер салық төлеуді кейінге шегеруге өтініш жаза алады.   

Әлия Жетібаева, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Әдіснама департаментінің директоры: 

Ірі субъектілер салық төлемдерін кейінге қалдырғысы келсе, Мемлекеттік кірістер комитетіне келіп, өтініш жаза алады. Ал, зардап шеккендер бойынша «Атамекен» палатасында, әкімдіктерде тізім бар. Сол тізімдегілер де салық төлемдерін шегерткісі келсе, арыз жаза алады. 

Берік Көшербай


Хабарламаларға жазылу