Лаңкестердің қолынан қаза тапқан Жанар Өтегенованың отбасына пәтер беріледі
Алматыда бүлік кезінде оққа ұшқан Жанар Өтегенованың отбасына пәтер беріледі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев марқұмның отбасымен кездесуде айтты. Шаһар басшысы марқұмның жолдасы Нұрсұлтан Біркітбаевқа көңіл айтып, көпбалалы отбасыға тұрғын үй бөлу мәселесі өз бақылауында болатынын жеткізді. Лаңкестердің оғы тиген 35 жастағы келіншектің артында төрт баласы қалды. Отағасының сөзінше, 5 қаңтар күні олар жаңа туған сәбиіне шұғыл дәрі алу үшін Республика алаңы арқылы орталық дәріханаға баруға мәжбүр болыпты. Алайда алаң маңында жараланып, келіншек ауруханаға жетпей көз жұмған.
Нұрсұлтан Біркітбаев, марқұм Ж.Өтегенованың жолдасы:
Бұрылғаным сол мына жақтан тақылдаған дауыстар естілді. Алаң жақтан. Кетіп бара жатқанымызда «тук» ете қалған дауыс естілді. Сасқанымнан не істерімді білмей артыма қарасам келіншегім жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15
Жаңа инвестициялық саясат халықаралық бизнес үшін аса маңызды
30.10.2026, 20:07
1,8 млн адамның табысы артады
30.10.2026, 20:05