Қарағанды облысында қаңтар оқиғасында қаза болған сарбаздар марапатталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында қаңтар оқиғасында қаза болған сарбаздар марапатталды

18.01.2022

Қаңтар оқиғасында қаза тапқан қарағандылық қос сарбаз Айбат Аманов пен Мадияр Қайсаров Президент Жарлығымен ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды.  

Мемлекеттік награданы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек марқұмдардың туған-туыстарына тапсырды. Ұлттық ұланның жауынгерлері Талдықорған мен Қызылорда қалаларында террористермен қақтығыста мерт болған. Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары, генерал-майор Әлібек Сералиев әскери қызметшілер атынан қара жамылған жанұяның әрқайсына 7 миллион теңгеден табыс етті.

Жеңіс Қасымбек, Қарағанды облысының әкімі:

Сіздердің отбасыларыңызда болған қайғылы жағдай бәрімізге өте ауыр. Мына бейбіт уақытта ата-ана үшін мәпелеп өсірген баладан айырылу - үлкен трагедия. Бәріміз қайғыға ортақпыз. Батыр балалар жанын Отан үшін қиды.


Хабарламаларға жазылу