Бауыржан Байбек: Елдігімізді сақтау, барды ұқсату – аса маңызды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бауыржан Байбек: Елдігімізді сақтау, барды ұқсату – аса маңызды

18.01.2022

«Nur Otan» партиясы Президент қойған міндеттерді орындау үшін бар күшін жұмылдырады. Бұл туралы партия төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек өңірлік филиалдардың қатысуымен өткен бейнеконференцияда айтты. Партияның Мәжілістегі фракциясы Президент атап өткен мәселелерді орындаудың заңнамалық негізін қамтамасыз етуге кірісті. Мәслихат депутаттары жер-жерде халықпен тікелей кездесіп, түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сондай-ақ, қиратылған инфрақұрылымдарды қалпына келтіруге үлес қосуда. Партияның қоғамдық қабылдаулары да тұрақты жұмыс істеп тұр. Белсенділер «Халық сақшысы» қоғамдық дружиналар сапында Алматы қаласында қоғамдық тәртіп орнатуға көмектесуде. Ең бастысы, елдің бірлігі мен ішкі тұрақтылықты сақтау керек. 

Бауыржан Байбек, «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары: 

Қаңтардың қасіретті күндерінде Елбасы баршамызды Президенттің маңайына топтасып, елдің амандығы мен бірлігін сақтап қалу үшін бірге әрекет етуге үндегенін баршаңыз білесіздер. Кім не десе де, «Nur Otan» партиясы – Президент жариялаған реформаларды толық және сапалы жүзеге асыруға әлеуеті толық жететін бірден-бір қоғамдық-саяси күш. 

Берік Көшербай



Хабарламаларға жазылу