Нұр-Сұлтанда тәртіпсіздік кезінде қаза болған офицердің отбасына награда табысталды
Қарулы Күштердің марқұм болған офицері Сәндібек Қайыров ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен наградталды. 35-ші гвардия, десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары Алматы қаласынының әкімдігін қорғау барысында қаза тапты. Ерлігі үшін берілген медаль оның жұбайына табысталды.
Сәндібек Қайыров Құрлық әскерлері Әскери институты мен Ұлттық қорғаныс университетін тәмәмдаған. Қарулы Күштерде взвод командирінен бастап десанттық-шабуылдау бригадасы командирінің орынбасары лауазымдарына дейін қызмет атқарған.
Еске алуға келгендер саналы ғұмырын Отан қорғауға арнаған офицердің ерлігі жас ұрпақтың жадында мәңгі сақталып қалады дейді.
Талғат Қойбақов, Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы:
Сәндібек Ғалимоллаұлы қызметтің барлық сатысынан өткен, білікті жұмыс атқарған офицер болатын. Ол еш қиындыққа қарамай, өмірінің соңғы сәтіне дейін әскери борышына адал болды. Оның жарқын бейнесі барлық әріптестерінің, достары мен жақындарының есінде мәңгі сақталып, болашақ Отан қорғаушылар үшін үлгі болып қала бермек.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15
Жаңа инвестициялық саясат халықаралық бизнес үшін аса маңызды
30.10.2026, 20:07
1,8 млн адамның табысы артады
30.10.2026, 20:05