Елордада мобильді бригадалар тәулік бойы жұмыс режиміне өтті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елордада мобильді бригадалар тәулік бойы жұмыс режиміне өтті

17.01.2022

Елордада медициналық мобильді бригадалар тәулік бойы жұмыс режиміне көшті. Мұндай шешім қаладағы эпидемиологиялық ахуалдың нашарлауына байланысты қабылданды. Тәулік бойы жұмыс істейтін мобильді бригадаларға түсетін қоңыраулар саны 2 есе артты. Бір күнде бір медициналық-санитарлық ұйым 70-80-нен астам пациентке барады. Бүгінде қала бойынша 26 мыңнан астам адам амбулаториялық ем қабылдап жатыр. Оның ішінде жүкті әйелдер 500-ден астам болса, балалалардың саны- 1500.

Аида Данеева, №8 қалалық емхананың жалпы тәжірибелік дәрігері: 
3882 мобильді топты атқаратын қызметі коронавируске оң нәтиже болған пациенттерге жалпы алғашқы көмек көрсету. мобильді топтың құрамында дәрігері, медбикесі болады.  Үге барған кезде жалпы жағдайына қарау жүргіземіз. Егерде науқастың жағдайы ауыр, ентікпе белгілері, сатурация төмен болған жағдайда шұғыл түрде стационарға жатқызамыз.


Хабарламаларға жазылу