Талдықорғанда қақтығыс кезінде қарапайым тұрғындар да оққа ұшты - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Талдықорғанда қақтығыс кезінде қарапайым тұрғындар да оққа ұшты

19.01.2022

Қаңтардағы қантөгісте қарапайым тұрғындар да зардап шекті. Мәселен, Талдықорғанда блокбекеттерге тамақ жеткізбек болған азаматтар оққа ұшты. Өз бастарын қауып қатерге тіккен жігіттер төтенше жағдайда сабырлық танытуға тырысқандарын айтады. Өңірдегі тілшіміз Қуаныш Қанатұлы ержүрек азаматтармен тілдесіп қайтты.

Дәурен Тәліпов қаладағы ірі рестораторлардың бірі. Блок бекеттерге алғашқы болып ыстық тамақ жеткізбек болған. Бірнеше күн бойы дәл солай қызмет көрсетіп те жүрген. От пен оқтан қаймықпай алдыңғы шепте тұрған әскерге азық тасыған. Алайда, үшінші күн дегенде көлігі қарша бораған оқтың астында қалады.

Қабырғасына оқ тиіп, жарақат алған Дәурен дәрігерлердің арқасында аман қалды. Қазір сауығып келеді. Дәурен секілді төтенше жағдай кезінде талдықорғандағы көпсалалық ауруханаға 25 адам түрлі жарақатпен түскен. 114 науқас көмек сұрап хабарласқан.

Қалада жағдай тұрақты. Жұрт қалыпты өмірге қайта орала бастады. Дегенмен, өңірде әлі террорлық қауіптің қызыл деңгейі сақталған.

Қуаныш Қанатұлы


Хабарламаларға жазылу