Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан жол апаты жиіледі - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан жол апаты жиіледі

17.01.2022

Қарағанды облысында демалыс күндері ауа райы күрт жылып, күшті жел тұрды. Далада қар еріп, жер көктайғаққа айналды. Салдарынан жол апаты жиіледі. Мысалы, Абай қаласынан Қарабас елдімекеніне барар жолда күшті жел көкайна мұзда автобусты аударып тастаған.

Қарағанды мен Теміртау аралығында да тағы екі автобус жол жиегіне шығып кеткен. Алматы-Екатеринбург тас жолында 8 көлік соқтығысқан. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Өңір аумағындағы бірқатар жолдар жабылған еді. Бүгін таңертең 7.30-да ашылды.

Дегенмен Төтенше жағдай қызметі күн райының күрт құбылуына байланысты жолаушыларға алыс сапарға шыққанда сақ болуды ұсынады. 


Хабарламаларға жазылу