Қызылорда облысында көктайғақтың кесірінен жол апаты көбейді - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Қызылорда облысында көктайғақтың кесірінен жол апаты көбейді

03.02.2023

Қызылорда облысында қар аралас жаңбыр көктайғаққа ұласып республикалық автожолдарда өткен тәулікте 14 жол апаты тіркелді. Қозғалыс айтарлықтай қиындады. Күрежолда көлік соқтығысып, 1 адам көз жұмып, 10 адам дене жарақатын алды.  

Қайғылы жағдай «Самара-Шымкент» трассасының Сұлутөбе ауылының маңында болған. Қырғызстан еліне бет алған Тойота автокөлігі жолдан ауып, жүргізуші тілге келместен ажал құшқан. Жанында болған 6 адам түрлі дене жарақатымен ауруханаға жеткізілді. Аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, мән-жайы анықталуда. Полиция ауа-райының қолайсыздығынан әзірге ұзақ жолға шықпауды ескертеді. 

Әділбек Серікұлы

Хабарламаларға жазылу