Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Бірнеше өңірде ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылды

22.02.2023

Елімізде ауа райының қолайсыздығына байланысты төрт облыста жол жабылды. Шығыс Қазақстанда қар көшкіні болуы мүмкін аймақта қозғалыс шектелсе, Алматы, Қарағанды, Қостанай облыстарында қар жауып, боран соқты. Желдің жылдамдығы секундына 20 метрге дейін жеткен. Сондықтан оқыс жағдайлардың алдын алу үшін автокөліктердің қалааралық қатынасы тоқтатылды. Әзірге жолда қалғандар мен ауа райының қолайсыздығынан зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ.

Дәуренбек Әбдібек


Хабарламаларға жазылу