Утилизациялық алым мемлекеттің құзыретіне өтеді
Утилизациялық алым тетіктері қайта қаралады. Үкімет басшысы осы мәселені реттеу бойынша 3 министрлікке тапсырма берді. Олар басқа да мемлекеттік органдар және ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлесіп өз ұсыныстарын әзірлейді. Апта басында Президент қазақстандықтардан утилизациялық алым жинайтын жекеменшік компанияның қызметін тоқтатуды тапсырған. Бұдан кейін утилизациялық алым бойынша мемлекеттік оператор құрылатыны хабарланды. Сонымен қатар, утильалым коэффициенттері қайта қаралады. Бірақ алым сомасын қайта реттеу кезінде өте абай, мұқият болу керек, дейді сарапшылар.
Олжас Оқас, сарапшы:
Оны тым төмендетіп жіберсең, бүкіл ақша Армения, Грузия, Ресей сияқты мемлекетке кетеді. Тым қымбаттатып жіберсең, тағы да шу болады. Сондықтан ортасын табу керек деп есептеймін. Ал өз ұсынысым - болашақта утилизациялық алым ұсынысын, көліктің қозғалтқыш көлеміне және айлық есептік көрсеткішке байламау керек.
Нұраддин Садық, сарапшы:
Бірақ біздің ұсынысымыз бұл форма РОП формасында емес, мемлекеттік РГП формасында болу керек. Және бұл РГП тек қана қаржы жинаумен ғана және оны жүзеге асырумен айналыспау керек. Бұл қаржы жинайтын агрегатор, бақылаушы орган ретінде, ал әрі қарай оны жүзега асырып, релизовать ететін өзге де РОП-тарға мүмкіндік беру керек.
Берік Көшербай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Оралда өрт шығып, газ ауа қоспасы жарылды
13.12.2025, 20:14
«Саламатты Қазақстан» пойызы 100 мыңға жуық тұрғынға кәсіби қолдау көрсеткен
13.12.2025, 17:59
Алматыда «Жүректен жүрекке» атты фестиваль өтті
13.12.2025, 17:57
Домбыра мен сазсырнай Бельгия мұражайына табысталды
13.12.2025, 17:55
Түркі әлемінің жастары бас қосты
13.12.2025, 17:53
Арал аймағын көгалдандыру жайы өзекті
13.12.2025, 17:52
4,1 трлн теңгеге 62 инвестициялық жоба іске асады
13.12.2025, 17:48
Петропавлда өрт сөндіру бөлімі ашылды
13.12.2025, 17:44