Халқы тығыз орналасқан өңірлерге білім гранты көбірек бөлінеді
Халқы тығыз орналасқан өңірлерлерге білім гранты көбірек бөлінеді. Білім беру саласында алшақтық бар аймақтарға қолдау күшеймек. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, білім және ғылым министрлігі оларға бөлінетін грант санын арттыруды қарастырып отыр. Сондай-ақ ұстаздар тапшы өңірлерге педагог тарту үшін арнайы бағдарлама әзірленбек. Бұдан бөлек, техникалық мамандықтарға да басымдық беріледі. Мәселен, оларға бөлінетін грант саны биыл 60 пайызға артады. Ал халқы тығыз орналасқан Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Алматы облыстарының түлектеріне жеңілдік көп.
Асхат Аймағанбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:
Халық тығыз орналасқан өңірлердің білім беру саласында алшақтығы бар өңірлерге техникалық бағыттар бойынша нысаналы грант бөлу жоспарлануда. Гранттар Қазақстанның жетекші оқу орнында оқу үшін бөлінеді. Оқу бітірген соң тұратын жері бойынша жұмыс өтеу көзделеді.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15