Жамбыл облысында әскерилер қоғамдық қауіпсіздікті дрон арқылы бақылауда
Жамбылда антитерролық операция жалғасып жатыр. Қала тыныштығын арнайы жасақ тәулік бойы күзетуде.
Күштік құрылымдар қазір аймақты бақылау үшін барлау ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолданып жатыр. Олардың көмегімен әскери қызметшілер блокбекеттер мен қаладағы қозғалысты бақылайды. Облыс бойынша блокбекет саны 36-ға көбейді. Кіріп-шығу қақпаларында көліктерді тәртіп сақшылары жіті тексеріп, тінту жүргізуде. Тараз қаласында жаппай тәртіпсіздік салдарынан 200-ден аса құқық қорғау қызметкері түрлі жарақат алған, 149 қызметтік автокөлік бүлінген. Ұсталғандардан жалпы саны 104 қару-жарақ тәркіленген.
Гүлсара Мұқтарқұлова, облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі:
4 ғимаратты жөндеуге қанша қаражат кететіні әлі де есептеліп жатыр. Жедел басқару орталығына келетін болсақ, бірқатар бақылау камералары істен шықты. Соған қарамастан басым бөлігі жүйелі түрде жұмыс істеп тұр. Сондықтан да жүргізушілерге жол ережелерін бұзбауды сұраймыз. 102 желісі істеп тұр, тұрғындардан хабарламалар келіп жатыр.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08
Жалпыұлттық онлайн-марафон өтті
24.08.2026, 10:07
Партия жетекшілері сайлау қорытындысын оң бағалады
24.08.2026, 10:06
Exit poll нәтижесі
24.08.2026, 10:04
Байқаушы: Сайлау барлық халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылған
24.08.2026, 10:02
Шетелдегі барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтады
24.08.2026, 10:02
Соңғы сайлау учаскесі жабылды
24.08.2026, 10:00