Ресей-Батыс келіссөздері нәтижесіз аяқталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Ресей-Батыс келіссөздері нәтижесіз аяқталды

14.01.2022

Ресей мен Батыс арасындағы үш күн қатарынан өткен келіссөздер нәтижесіз аяқталды. Алдымен АҚШ пен Ресей дипломаттары Женевада кездесті. Кейін Брюссельде НАТО-Ресей кеңесінің отырысы өтті. Бейсенбіде Ресей мен Батыс елдері Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы аясында кездесті. Нақты нәтиже болмағанымен, тараптар диалогты жалғастыру қажет деген ортақ пікірге келді.

Келіссөздерде Ресейдің басты талабы - Украинаның НАТО-ға қосылмауы, Балтық елдеріндегі НАТО контингентін азайту. Ал Солтүстік атлантикалық альянс Ресейден Украинаға шабуыл жасамауын талап етті. Келіссөз аяқталғаннан кейін Мәскеу өз ұсыныстарына Батыстың берген жауабына көңілі толмайтынын мәлімдеді. Ал Батыс өкілдері соңғы 30 жылда соғыс қаупі осыншама жоғары болмағанын айтады. 

Хабарламаларға жазылу