Қарағанды өңірінде тұрмыстық газ бағасы 30 процентке арзандады
Қарағанды өңірінде тұрмыстық газ бағасы 30 процентке арзандады. Тұрғындарға сұйық отынды жеткізетін сегіз компания сұйытылған газдың әр литрін 70 пен 105 теңге аралығында сатып жатыр. Мәселен облыс нарығының 30 процентін қамтамасыз етіп отырған ең ірі компанияда 17 литрлік газ балоны 1500 теңге, ал 34 литрлік үлкен балонның құны үш мың теңге болып бекітілді. Егер жеткізу керек болса, бұл сомаға тағы шамамен 500 теңге қосылады. Ал Жезқазған қаласында газдың бағасы 130 теңгеден 88 теңгеге дейін төмендесе, Балқашта әр литрі 85 теңге. Дегенмен, көпқабатты үйлерге берілетін орталықтандырылған газдың бағасы өзгерген жоқ.
Асқар Шарафуддинов, ЖШС директоры:Көпқабатты үйлерге берілетін газдың бағасы мүлдем басқаша есептеледі. Ол жерде шығын көп. Сондықтан әзірге өзгеріссіз қалып отыр. Соңғы рет бұл тариф 2019 жылы көтерілген. Қазір елдегі жағдайға байланысты газ құнын көтеруге мораторий жарияланды.
Руслан Нұрланұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15