Президент ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Президент ҰҚШҰ-ға мүше мемлекет басшыларымен телефон арқылы сөйлесті

13.01.2022

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық Қауіпсіздік Шарт Ұйымына мүше мемлекеттердің басшыларымен телефон арқылы сөйлесті. Ақорданың хабарлауынша президент Ресей Президенті Владимир Путинмен, Арменияның Премьер-министрі Никол Пашинянмен, Беларусь Президенті Александр Лукашенкомен, Қырғызстан Президенті Садыр Жапаровпен және Тәжікстан Президенті Эмомали Рахмонмен телефон арқылы сөйлескен. Қасым-Жомарт Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымындағы әріптестеріне бүгін бітімгерлік күштердің елімізден шығарыла бастағаны жөнінде мәлімет берді. Сондай-ақ, Қазақстанға жасалған террорлық шабуыл кезінде қолдау көрсеткендері үшін алғыс білдірді. Мемлекет басшысы бітімгерлік күштердің Қазақстанға қысқа мерзімге келуі ұжымның беделді халықаралық ұйым ретінде қажетті әрі тиімді екенін көрсетті деп атап өтті.

Хабарламаларға жазылу