Кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламалар қайта қаралуы тиіс - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Кәсіпкерлікті дамытуға арналған бағдарламалар қайта қаралуы тиіс

13.01.2022

Отандық бизнесті дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың саны көп болғанмен, сапасы жоқ. Сондықтан оны ықшамдап, бір жүйеге келтіріп, нәтиже шығару керек дейді Қарағанды облыстық Кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры Серік Санаубаев. Әуелі қазынадан бөлінетін қыруар қаржының тек ірі қалаларға ғана емес, шалғай ауылдарға да жетуін қадағалау қажет, әрі оның мақсатты игерілуіне бақылауды күшейту керек. Сондай-ақ Президенттің шағын кәсіптің дамуына тұсау болып отырған әкімшілік кедергілерді жою жөніндегі бастамасы өте дұрыс шешім екенін атап өтті.

Серік Санаубаев, облыстық Кәсіпкерлер қауымдастығының атқарушы директоры:
Мемлекеттік бағдарламалардың бәрін реттеп, дұрыстау керек. Олар көп, бірақ нәтижесі жоқ. Соның бәрін жинақтап, жаңа мемлекеттік бағдарламалар жасау қажет.  Шалғайда жатқан кәсіпкерден бастап, ірі кәсіпорындарға дейін мемлекеттен шығып жатқан қаржының нәтижесін көру керек. Халық оның нәтижесін көру керек. Өнімдер шығарылуы керек.

Хабарламаларға жазылу