Қостанайда жылу орталығы өртенді
Қостанайда жылу орталығы өртеніп 300-ден астам көпқабатты тұрғынүй екі сағатқа жуық жылусыз қалды. Оқиға бүгін таңғы 7:20-да жылу беретін кәсіпорынның шағынаудандағы нысанында болған. Мұнда 3-ші қазандықтың басқару станциясының қалқаны тұтанып, барлық электр кабельдері жанып кетті. Өртті әрі қарай өршітпес үшін мамандар қазандық жұмысын тоқтатты. Кейін өрт сөндірушілер келіп отты толық өшірген. Қазір осы орталыққа қосылған барлық тұрғын үйлерге қосымша қазандықтардан жылу беріліп жатыр.
Виктор Шмыглов, «Жылу – энергетика орталығы» компаниясы басшысының міндетін атқарушы:
Облыс әкімінің бірінші орынбасары және қала әкімі жетекшілік ететін жедел штаб құрылды. Жағдай бақылауда. Қазір апат болған нөмірі үшінші қазандықты қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр. Кешке дейін жөндеп бітеміз деп ойлаймын. Тұрғындарды алаңдамауға шақырамын.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15