Алматы облысында комменданттық сағат мерзімі қысқарды
Алматы облысында антитеррористік операциялар барысында 700-ден астам адам ұсталды. 65 қылмыстық іс қозғалып 60-тан астам күдікті уақытша қамау изоляторына тоғытылды. Олардан 100-ден астам қару тәркіленді. Атап айтқанда 70-ке жуық Макаров тапаншасы, 8 автомат, 7 травматикалық қару мен 10-нан астам аңшы мылтығы табылды. Өңірде лаңкестерге қарсы жедел әрекеттер жалғасып жатыр. Айта кету керек облыс аумағында комменданттық сағат мерзімі қысқарды. Осы уақытқа дейін бұл аймақта комменданттық режим кешкі сегізден басталып жүрді. Бұдан былай шектеулер Президент бекіткен түңгі 23.00-ден таңғы 7-ге дейін жалғасады. Облыс комменданты Серік Күдебаев тұрғындарға әлі де болса түсіністік танытып, себепсіз көшеге шықпауын өтінуде.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
«Дауыс» коалициясының 25 мың байқаушысы сайлауды жіті қадағалады
24.08.2026, 12:59
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08
Жалпыұлттық онлайн-марафон өтті
24.08.2026, 10:07
Партия жетекшілері сайлау қорытындысын оң бағалады
24.08.2026, 10:06
Exit poll нәтижесі
24.08.2026, 10:04
Байқаушы: Сайлау барлық халықаралық талаптарға сай ұйымдастырылған
24.08.2026, 10:02
Шетелдегі барлық сайлау учаскелері жұмысын аяқтады
24.08.2026, 10:02