АҚШ пен батыстың Қазақстанды сынауға хақы жоқ - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

АҚШ пен батыстың Қазақстанды сынауға хақы жоқ

13.01.2022

 «Қазақстан-Германияның сенімді серіктесі әрі мыңдаған неміс отбасыға пана болған қасиетті мекен. Сондықтан, елде тұрақтылықтың тез орнауы қос елдің қатынасы үшін өте маңызды». Германиядан сайланған Еуропалық парламенттің депутаты Максимилиан Кра осылай дейді. Депутаттың пайымынша Президент Тоқаев Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бітімгерлерін жұмылдыру арқылы елдің тұтастығын сақтап қалды. Лаңкестердің арам пиғылын іске асыруға тосқауыл қойды. Қазақстандағы ахуалға қатысты сырттан тон пішкендерге де депутаттың өз айтары бар.

Максимилиан Кра, Еуропалық Парламенттің депутаты:
Біздің көргеніміз сұмдық. Бүлікшілер полиция қызметкерлерін сабап, өлтіріп жатты. Бұл бейбіт шеру емес, нағыз әскери шабуыл. Сондықтан, елдеріңіздегі ахуалды сынауға ешкімнің қақы жоқ. Франция билігі кезінде «сары жилет» наразылық акциясына қатысқандарды аяған жоқ қой. Негізі, Брюссель мен Вашингтон-екі түрлі стандарт ұстанатындардың ошағы. Олар Еуропалық Одаққа немесе Америка блогына қатысы жоқ мемлекеттерді сынауға шебер. Мұны көңілге алмау керек. Қазақстан-Орталық Азиядағы көшбасшы мемлекет. Ел билігі лаңкестермен күресті күшейтіп, жаңа реформаларды жүзеге асырып, аймақтағы бейбітшілік пен көркейтуді жалғастырады деген сенімдемін.


Хабарламаларға жазылу