Шетелдік журналистерге жан-жақты мағлұмат берілді
Еліміздегі соңғы ахуал мен Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мәлімдемесі туралы нақты ақпарат тарату мақсатында Қазақстанның Түркиядағы төтенше және өкілетті елшісі Абзал Сапарбекұлы Анкара қаласында түркиялық ақпарат құралдарына арнайы брифинг өткізді. Шетелдік журналистерге елдегі шерулердің қалай басталып, қалай өрбігені, соңы қалай бүлікке ұласқаны туралы нақты дәлел-дәйектермен толыққанды ақпарат берілді. Елші лаңкестерге қарсы күрес туралы және ел экономикасына қанша шығын келгені жайлы айтты. Бұған дейін Түркияда түрлі алып-қашпа әңгімелерге негізделген жалған ақпараттар да тараған еді. Бұл жиын тілшілердің жаңалықты ресми дереккөзден алуына мүмкіндік берді.
Өзге Яхшы Ерген, Халықаралық стратегиялық зерттеулер орталығының сарапшысы, журналист:Елшінің бүгінгі баспасөз мәслихаты шын мәнінде дер кезінде берілген ашық ақпарат болды. Болған оқиғаларға қатысты ақпаратты әлеуметтік желіден немесе нақты кім екені белгісіз дереккөздерден емес, Қазақстан мемлекетінің құзырлы орындарынан алу бәріміз үшін пайдалы болды.
Бетул Ұста, «Сабах» газетінің тілшісі:Қазақстанның елшілігімен бұған дейін де тығыз қарым-қатынаста едік. Осы оқиғаларға байланысты да жалған мағұлматтар тарамауы үшін барлық түрік медиасына сәт сайын ақпарат таратып, тікелей эфирлерге шығып ерекше белсенділік танытты.
Айдос Әшімұлы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Еуропадағы қазақстандықтар белсенді дауыс берді
24.08.2026, 13:24
Президент дзюдошыларды тарихи жеңісімен құттықтады
24.08.2026, 13:18
Әлемдік БАҚ Құрылтай жайында ақпарат таратты
24.08.2026, 13:09
Құрылтай сайлауына 61 мемлекетте 79 сайлау учаскесі құрылды
24.08.2026, 13:06
«Дауыс» коалициясының 25 мың байқаушысы сайлауды жіті қадағалады
24.08.2026, 13:03
Құрылтай сайлауы: 5 пайыздық межені 5 партия еңсерді
24.08.2026, 13:00
Сайлау учаскелерінде қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу фактісі тіркелмеген
24.08.2026, 10:58
Мемлекет басшысы қазақстандық дзюдошыларды құттықтады
24.08.2026, 10:08