Атырау облысында автогаз сататын 22 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Атырау облысында автогаз сататын 22 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды

12.01.2022

Атырау облысында сұйытылған газ сататын 22 кәсіпкерге қатысты тергеу басталды. Олар «бағаны көтеру бойынша өзара келісім жасасқан» деген күдікке ілініп отыр. Егер заңсыздық дәлелденсе, кәсіпкерлерге айыппұл салынады. Мұны өңірдегі Бәсекелестікті қорғау және дамыту департаменті хабарлады. Қазір аймақта автогаздың бір литрі 50 теңгеден сатылып жатыр. Ал облыс орталығынан 200 шақырымда орналасқан елдімекендердегі шекті баға 55 тг деп белгіленіп отыр. Бұл бәс алты ай бойы сақталмақ.

Айгүл Нәбиева, ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі атырау облыстық филиалының басшысы:

Сұйық газ сататын кәсіпкерлер тарапынан заң бұзушылықтар анықталған жағдайда олар ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі бойынша жауапқа тартылады. Яғни шағын және орта кәсіпкерлер кірісінің 3% -ы, ірі кәсіпкерлік субьектілері кірісінің 5% -ы көлемінде айыппұл салынады.


Хабарламаларға жазылу