Ерлан Қарин: Шабуылдардың нақты жоспары болған
Мемлекеттік органдарды басып алу, қару-жарақты иемдену секілді бүлікшіл іс-қимылдар барлық аймақтарда жоспарлы жүргізілді. Оның бәрін бір мезетте іске асыру оңай шаруа емес. Нақты бір жоспар болған. Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин «Хабар 24» телеарнасына берген сұхбатында осылай деді.
Бір күнде бірнеше қалада бүлік шығарып, маңызды мемлекеттік мекемелерді басып алу, топ болып топтасып қарулы шабуыл жасау - жоспарлы әрекеттің белгісі. Алқымнан алып арандатқан терроршылардың іс-қиымылын «жаппай тәртіпсіздік деп» атай салу тым жеңіл айып. Олар «мемлекеттің тұтастығын» бұзбақ болды.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:Бір уақытта жақсы қаруланған топтар жоспарлы түрде әкімшілік ғимараттарға, полиция департаменті ғимарттарына ҰҚК департаменті ғимараттарына шабуылдар ұйымдастырды. Қазақстанға қарсы халықаралық терроризм актісі жасалды. Яғни біздің елге, біздің мемлекетке, азаматтарға террористік шабуылдар ұйымдастырылды.
Лаңкестік топтардың әр қадамынан, әр әрекетінен бір нақты жоспар болғанын анық аңғаруға болады. Елдегі жағдайды тұрақсыздандыру бойынша мақсатты әрекеттер жасалды – дейді мемлекеттік хатшы.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:Бұл жердегі мақсат – әсіресе полиция ғимараттарына шабуыл жасалды. Мұның мақсаты не? Қару-жараққа ие болу. Оған ие болып отырып, басқа да шабуылдарды ұйымдастыру. Басқа да обьектілерге шабуылды ұйымдастыру. Бұл шабуылдарды шеруге қатысушылар жасамайды.
Тек Алматының ґзін лаңкестерден қорғау үшін құқық қорғау органдарының қанша сарбазы жұмылдырылды. Оның нешеуі жазықсыз қаза тапты. Ғимараттар қирап, кґлік ґртеніп, қарапайым халықтың мазасы кетті. Сондықтан оқиғаға нақты баға берілуі керек. Маңызы түсіндірілуі керек.
Ерлан Қарин, ҚР Мемлекеттік хатшысы:Бірлік пен ынтымақ. Тек мемлекет пен қоғам бірін-бірі қолдай отырып, азаматтар мемлекеттің атынан жасап жатқан қадамар айналасына топтаса отырып, содырларға, бұл қауіп-қатерге тиімді тойтарыс береді. Біз бірігуіміз керек.
Қаралы қаңтардағы қайғылы оқиға қабырғамызды қайыстырғанымен, елді қорғауға бағытталған шаралар арқасында біз мемлекеттілігімізді, егемендігімізді аман сақтап қала алдық деп қорытындылады Мемлекеттік хатшы.
Жұрағат Баман
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы