Түркістан облысында дүкендерді тонаған 7 адам ұсталды
Түркістан облысында жағдай тұрақты. Десе де тәртіп сақшылары қоғамдық қауіпсіздік пен ел тыныштығын күзетіп тұр. Қырағылықтың нәтижесінде полицейлер Алматыдағы бүлікшілік кезінде тонау жасаған тағы жеті адамды қолға түсірді.
Айнұр Ақбаева, тілші:
Қазір облыстың барлық кірі-берісіндегі блокбекеттерде жолаушылар қатаң түрде тексеріліп, кіргізілуде. Әсіресе Түркістан қаласына кіріп-шығатын жолдардағы блокбекеттерде әрбір көлік мұқият қаралып жатыр. Өңірдің полицейлері Алматы қаласында тәртіпсіздікке қатысқан 5 жас жігітті ұстады. Олар Жетісай қаласындағы қонақ үйлердің бірінде жасырынып отырған болып шықты. Ұсталғандар Алматы мен Түркістан облыстарының тұрғындары екені анықталды. Екеуі бұрын ұрлық үшін сотталғандар. Тәртіп сақшылары олардан 550 мың теңге мен есірткі, брендтік заттар тәркіледі. Бүгінде бес адамға қатысты "Тонау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қамауға алынды. Ал, Ынтымақ өткізу бекетінде Түркістандық тағы екі жігіт қолға түсті. Олардың сөмкесінен 5 дана фотоаппарат, алтын әшекейлер мен қымбат телефондар табылған.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Каспий теңізінің тартылуын Қазақстан мен Дағыстан ғалымдары бірлесе зерттемек
23.07.2026, 17:29
Оралда бұралқы иттер мал мен құсты қырып кетті
23.07.2026, 17:26
«Бір ауыл - бір өнім» жобасына 38 кәсіпкер қатысты
23.07.2026, 17:24
Ел жаңалықтарына шолу
23.07.2026, 17:23
Павлодар облысында ауыр жүк көліктері жүргізушілерінің ереже бұзуы 3 есе азайған
23.07.2026, 17:21
Отандық ұшқышсыз жүйелер мен кешендер «Спасск» полигонында сынақтан өтті
23.07.2026, 17:19
Үкімет жаңа KazSat-3R спутнигін жасауға 10,4 млрд теңге бөлді
23.07.2026, 17:18
Биыл елде 150 ағза трансплантациясы жасалған
23.07.2026, 17:15