Солтүстік Қазақстанда 34 адам әкімшілік жауапқа тартылды
Солтүстік Қазақстанда коменданттық сағат тәртібін бұзған 72 адам ұсталды. Оның 34-і әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ал жалпы алғанда өңірде жағдай тұрақты.
Нұрбол Балғабеков, тілші:
Жалпы алғанда Солтүстік Қазақстанда жағдай тұрақты. Мұнда жаппай тәртіпсіздіктер болған жоқ. Дегенмен, аймақта қауіпсіздік шаралары күшейтілген. Облыс аумағында 20 блокбекет қойылған. Тек Петропавл айналасында осындай 5 бекет жұмыс істеп тұр. Онда полицейлер қалаға кіріп-шыққан әрбір көлікті тоқтатып, жолаушылардың жеке басын куәландыратын құжаттарын, жеке заттарын жіті тексеріп жатыр. Қоғамдық көлік пен әлеуметтік мекемелер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Ал жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, интернет таңғы сағат 7-ден кешкі жетіге дейін жұмыс істейтін болады.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекара қызметіне жаңа әкімшілік ғимарат салынады
17.08.2026, 13:15
ДСМ: Мектеп оқушысы ұйқы режимін сақтауы керек
17.08.2026, 13:12
Баласын бақыламаған 480-нен аса ата-ана жауапқа тартылды
17.08.2026, 13:09
«Respubliсa» партиясының өкілдері сайлаушыларымен кездесті
17.08.2026, 13:06
Министр сайлау кезінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды
17.08.2026, 13:03
Форт-Шевченкодағы көне бекініс абаттандырылады
17.08.2026, 10:10
Түркістанда құтқарушылар тауда адасып кеткен туристі тапты
17.08.2026, 10:08
Қазақстан-Бельгия қатынасының 34 жылдығына орай велошеру өтті
17.08.2026, 10:07