Түркістанда құтқарушылар тауда адасып кеткен туристі тапты
Түркістан облысында төтенше жағдайлар қызметкерлері тауда адасып кеткен туристі құтқарды. 31 жастағы жігіт Төлеби ауданындағы «Сайрам-Өгем» мемлекеттік ұлттық табиғи парк аумағындағы таулы жерге барып, қайтар жолды таппай қалған. Оған таудан төмен түсіп келе жатқан кезде аяғын қайырып алғаны себеп болыпты. Туристің таудан оралмағаны туралы хабарлама түскен соң құтқарушылар оны дереу іздеуге кіріскен. Нәтижесінде Қасқасу ауылынан 15 шақырым жерде туристі тауып, оған жедел медициналық көмек көрсеткен. Төтенше жағдай қызметкерлері сахатшыны жабыла көтеріп, жақын маңдағы ауылға жеткізген. Қазіргі уақытта оның денсаулығы бірқалыпты.
Автор
Айнұр Ақбаева
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Мемлекет басшысы әскери реформа мәселелері бойынша Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді
21.10.2026, 23:06
Қоржында - 10 алтын
21.10.2026, 20:30
Абайға қатысты жәдігерлер жеке жинаққа топтастырылмақ
21.10.2026, 20:23
35 мың тұрғын «Кітап оқитын ұлт» марафонына қатысып жатыр
21.10.2026, 20:21
Мәулен Әшімбаевтың жаңа кітабы таныстырылды
21.10.2026, 20:20
Патриоттық әндерге байқау жарияланды
21.10.2026, 20:20
Республика күніне орай сауда орталықтары ауқымды акция өткізіп жатыр
21.10.2026, 20:19
Тау кластері: Экономикалық әлеует артады
21.10.2026, 20:17