Батыс Қазақстан облысында 575 адамға ескерту жасалды
Батыс Қазақстан облысында полиция бөлімшелеріне тәртіпке бағынбаған 575 адам жеткізілді. Көбіне қандай құқық бұзғаны түсіндіріліп, үйлеріне жіберілген.
Ардақ Мұратқызы, тілші:
Облыста қауіпсіздік шаралары күшейтілді. Төтенше жағдай жарияланғаннан бері 600-ге жуық адамға ескерту жасалды. Сондай-ақ, 37 адам жағдай толық анықталғанша уақытша ұстауда отыр. Ал 10 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 20 тәулікке қамалды. Олардың ішінде 6-на заңсыз митингке шақырды деген айып тағылып отыр. Біреуі төтенше жағдай тәртібін бұзған. Соңғы тәулікте блокбекеттерден 7 аңшы мылтығы тәркіленді. Мас күйінде көлік жүргізген 5 адам ұсталды. Ал кеше Алматыдағы жаппай тәртіпсіздікке қатысып, қашып, облыс аумағында ұсталған мародёрлар Орал қаласының тұрғындары боп шықты. Бір күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды, екіншісіне «ешқайда шықпау туралы» шектеу берілді.
Ардақ Мұратқызы
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Шекара қызметіне жаңа әкімшілік ғимарат салынады
17.08.2026, 13:15
ДСМ: Мектеп оқушысы ұйқы режимін сақтауы керек
17.08.2026, 13:12
Баласын бақыламаған 480-нен аса ата-ана жауапқа тартылды
17.08.2026, 13:09
«Respubliсa» партиясының өкілдері сайлаушыларымен кездесті
17.08.2026, 13:06
Министр сайлау кезінде БАҚ пен блогерлерді заң талаптарын қатаң сақтауға шақырды
17.08.2026, 13:03
Форт-Шевченкодағы көне бекініс абаттандырылады
17.08.2026, 10:10
Түркістанда құтқарушылар тауда адасып кеткен туристі тапты
17.08.2026, 10:08
Қазақстан-Бельгия қатынасының 34 жылдығына орай велошеру өтті
17.08.2026, 10:07