Қазақстанның шетелдегі елшіліктерінде Ту төмен түсірілді
Барлық шет мемлекеттердегі Қазақстан елшіліктерінің ғимараттарында мемлекеттік Ту төмен түсірілді.
Индира Бегайдар, тілші:
Жалпыұлттық аза тұту күніне байланысты Қазақстанның Ресейдегі елшілігінде де ту Мәскеу уақытымен 21.00-де төмен түсірілді. Сол уақыттан бастап дипломатиялық өкілдіктің алдына қазақ диаспорасы, студенттер, ресейліктер келуде. Олар қазақстандықтардың қайғысына ортақ екенін жеткізді. Жақындарынан айырылғандардың отбасыларына көңіл айтты.
Сәуле Жанәлі, Қазақ диаспорасының өкілі:
Біз осы Мәскеуде тұрамыз. Бірақ біздің жүрегіміз Қазақстанда, елімізде. Қазақстанға тек тыныш күндер тілейміз. Осындай қара күндер болмасын, аспан ашық болсын, халқымызға бірлік берсін. Біз осындай жаңалықтарды көріп жыладық. Осындай күн қайталанбасын ешқашан.
Елшілікте виртуалды көңіл айту кітабы ашылған. Ресейлік саясаткерлер, халықаралық ұйымдардың өкілдері кітап арқылы көңіл білдіруде, жарақат алғандардың сауығып кетуін тілеуде. Сонымен қатар Ресейдегі барлық Қазақстанның консулдықтарында да ту төмен түсірілді. Келушілердің тілегі бір-азалы күн ешқашан қайталанбасын, көк Туымыз төмен түспесін.
Индира Бегайдар
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15