Таразда антитеррорлық операция жалғасып жатыр
Мемлекет тыныштығын күзетуде қаза болғандар, ел есінде мәңгі сақталады. Жамбыл облысында да мемлекетті тулар төмен түсірілді. Ал, өңірдегі жағдай тұрақталуда. Бірақ антитеррорлық операция әлі де жалғасып жатыр.
Нұрдос Болатұлы, тілші:
Жалпыұлттық аза тұту күніне орай Жамбыл облысының барлық мекемелердегі мемлекеттік ту төмен түсірілді. Аудан, қалада ел тыныштығын күзетуде құрбан болғандарды еске алу шарасы өтуде. Аймақтың бүгінгі ахуалына тоқталар болсақ, жағдай тұрақталып, жергілікті халық қалыпты өмірге қайта оралды. Қазіргі уақытта жаппай тәртіпсіздікке қатысы бар деген күдікпен 178 адам ұсталды. Уақытша ұстау изоляторына 11 адам қамалды. Тексеріс барысында 34 қару мен 43 оқ тәркіленді. Қару-жараққа сот сараптамасы тағайындалған. Сондай-ақ, төтенше жағдай режимін бұзған 88 адамға әкімшілік хаттама толтырылған.
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Ел жаңалықтарына шолу
01.09.2026, 17:25
Ел бойынша 124 теміржол вокзалын жаңғыртып жатыр
01.09.2026, 17:22
Жамбыл облысында «Түрксіб» вокзалы қайта ашылды
01.09.2026, 17:20
Шымкентте 60 мыңнан аса кәсіпті жастар басқарады
01.09.2026, 17:15
«Көкшетау жылу» жылыту маусымын шектеулі режимде бастамақ
01.09.2026, 17:12
Қостанай облысында 26 өндірістік жарақат есепке алынбаған
01.09.2026, 17:10
Астанада тоғызыншы «Жас сақшы» сыныбы ашылды
01.09.2026, 17:07
«Келешек мектептері» үш ауысымды оқуды қысқартты
01.09.2026, 17:05