Қостанай облысында 26 өндірістік жарақат есепке алынбаған
Қостанай облысында соңғы екі жылда өндірістік жарақатқа қатысты 26 жағдай есепке алынбаған. Оның ішінде 16 жұмысшының қаза тапқаны анықталды. Облыстық прокуратура тағы сондай 22 жазатайым оқиға бойынша арнайы тексеру жүргізілмегенін мәлімдеді. Сондай-ақ тексеріс барысында тұрғындардың еңбек құқығына қатысты 1,5 мыңнан астам өтініші толық қаралмағаны белгілі болды.
Нұрсұлу Пряхина, облыстық
прокуратураның баспасөз хатшысы:
Азаматтардың еңбек құқықтарына қатысты 1,5 мыңнан астам өтініші толық көлемде қаралмаған. Ауыр және өліммен аяқталған жазатайым оқиғалар орын алған 9 кәсіпорын тиісті профилактикалық іс-шаралармен қамтылмаған. Барлық анықталған заң бұзушылықтар бойынша облыс прокуратурасы прокурорлық ден қою шараларын қабылдады.
Автор
Мәдина Нағашыбай
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Бір картинада - жүз тұлға
22.10.2026, 20:30
Студент егіс алқабын ЖИ арқылы талдайтын платформа әзірледі
22.10.2026, 20:21
Түркістан облысында мақта жинау науқаны аяқталуға жақын
22.10.2026, 20:20
Қыстау-Күршім ауылында жаңа мектеп ашылды
22.10.2026, 20:17
Қарағанды облысында жаңа кірпіш зауыты іске қосылды
22.10.2026, 20:15
«Таза Қазақстан» акциясына 8 млн адам қатысты
22.10.2026, 20:13
Еліміздің экобастамаларын сарапшылар жоғары бағалады
22.10.2026, 20:11
Қазақстан мен ЕуроОдақ байланысы нығайып келеді
22.10.2026, 20:06