Басты Жаңалықтар Астанада тоғызыншы «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Астанада тоғызыншы «Жас сақшы» сыныбы ашылды

Астанада білім күні қарсаңында тоғызыншы «Жас сақшы» сыныбы ашылды. Оған қызметтік борышын атқару кезінде ерлікпен қаза тапқан полиция лейтенанты Әдбіғаппар Ділмановтың есімі берілді. Сыныпқа 24 оқушы қабылданды. Жоба жасөспірімдердің заңға құрметін қалыптастырып, қоғамдық қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарайтын азамат тәрбиелеуге бағытталған.

Арнайы форма киіп, сап түзеп тұрған жас сақшылар Қайым Мұхамедханов атындағы №90 гимназиясының алтыншы сынып оқушылары. Болашақта құқық қорғау саласында қызмет етуді мақсат еткен жасөспірімдер салтанатты түрде ант беріп, «Жас сақшы» сыныбына қабылданды. Оларға арнайы куәліктер де табысталды.

Әбіл Әбілдин, қалалық ПД бастығының І орынбасары:

Бүгінгі өткізіліп отырған шара біздің әріптесіміз полиция лейтенанты Әбдіғаппар Ділмановқа арналған сынып. Бұл сыныпты ашу мақсаты: біздің жас сақшыларымызға, біздің оқушыларымызға біздің қызметкерлердің адалдығын батылдығын көрсету.
Қалалық полиция департаментінің бастамасымен ашылған сыныпта «жас сақшылар» антына адал болған құқық қорғаушылар туралы ақпаратқа қанығады. Сондай-ақ болашақ мамандықтарын таңдауға да мүмкіндік алады.

Гүлжанат Әбідраманова, Қ.Мұхамедханов атындағы №90 гимназияның директоры:

Мүмкін бұл оқушылардың арасында болашақ заңгерлер де болуы мүмкін, сақшылар да болуы мүмкін. Яғни жалпы түпкі мақсаты: біз осы сынып арқылы оқушыларырымызда «Адал азаматты» қалай тәрибелеуімізге болады, ол үшін қоғам болып бірлесе жұмыс жасай аламыз деген мақсатта полиция департаментімен бірлесе отырып, «Жас сақшы» сыныбын ашып отырмыз.

Құқық қорғау органы қызметкерлері балаларға аптасына бір рет дәріс оқып, тәжірибесімен бөліседі. Сонымен бірге офицерлердің жетекшілігімен саптық дайындықты, қаруды бұзып-жинауды, дене дайындығы мен өзін-өзі қорғауды меңгереді.


Бөлісу