Алматыны террористерден тазарту қалай жүріп жатыр
Лаңкестер Алматыдан сытылып шығып кетуге тырысып жатыр. Бірақ әскери бекеттегі сарбаздар қырағы. Күніне 100-ге тарта адамды құрықтауға кіріскен. Қазір террористерді жоюдың соңғы фазалары жүріп жатыр. Олар бекеттегі әскермен тиіп-қашып атысуға кіріскен.
Нұрбек Бекбау, тілші:
Таңғы сағат 08:00. Біздің десант-шабуылдаушы әскеріміз түнгі ауысымдағы әріптес-сарбаздарын ауыстыруға кетіп бара жатыр. Жағдай тұрақталды дегенмен, әлгі терроршы-бандылар ауық-ауық шығып, өртеп, атыс ұйымдастырып жатыр. Сондықтан бұл жігіттерге сәттілік керек болады.
Сәттілік тілеуіміз бекер емес. Өйткені бұл жігіттер Алматыны ылаңшылардан азат етіп, тәртіп орнатып жатыр. Әр минуты қауіп-қатерге толы.
Данияр Қарманов, 61993 әскери бөлімінің командирі:
Көбінесе түнгі уақыттарды шабуыл жасалады. Атыстар ұйымдастырылады. Өтіп жатып, көліктен атып кетеді. Ондай оқиғалар тіркелді.
Командир айтқан әлгіндей оқиғағалар бір күнде 10 шақтысы тіркелді. Мәселен, сағат таңғы 04:00. Жол бойындағы бекетті айналып өтпек болған 3 жеңіл көлік даламен қашып, ұсталды. Сағат 07:00. Құжаттарын тексеру кезінде қарулы қарсылық көрсеткен бандиттер оққа ұшты. Сағат 10:20. Террористердің мүрдесін алып кетуге бірнеше көлік жетіп келіп, атыс жасаған. Күнде осындай оқиғағалар тіркелеп жатыр.
Нұрбек Бекбау, журналист:
Сарбаздар қай уақытта жүріп кететінін өздері де білмейді. Міне, дабыл қағылды, кетіп барады.
Дәл қазір қала ішіндегі террористердің ұяшығы табылды деген хабар берілді. Міне, сол лаңкестердің көзін жоюға кетіп бара жатыр. Негізі журналистерді бұлай әскери тапсырманы орындау операциясына жібере қоймайды. Біздер өтініп жүріп, міне, жігіттермен кетіп барамыз.
Көрдіңіздер, сарбаздардың бос 1 сағаты да жоқ. Тероршылардың тиіп-қашып ұрыс салуын, бейбіт жұртқа ылаң жасауын болдырмас үшін оларды апанында, яғни тығылып отырған, бекініп отырған ғимараттарына ың-шыңсыз шабуыл жасап, мекемелерді азат жатыр. Күнде ерлік жасап жатыр деуге болады.
Нұрбек Бекбау