Қостанайда сұйық отынның бағасы арзандады
Қостанай облысында 14 блокбекет жұмыс істеп тұр. Төтенше жағдай басталғалы бері бұл бекеттерде 7 мыңға жуық автокөлік тексеруден өтті. Аймақтағы жағдайды тікелей эфирге қосылған осы өңірдегі тілшіміз Дәуренбек Әбдібек айтады.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Қостанай облысында жағдай тұрақты. Елді алаңдарлықтай қиындықтар туындап жатқан жоқ. Барлық әлеуметтік мекеме мен дүкендер жұмыс істап тұр.Тіпті ойын -сауық орталықтары да ашық. Құқық қорғаушылар қоғамдық тәртіпті күні-түні қадағалауда.
Батырбек Ахметов, облыстық Ардагерлер кеңесінің төрағасы:
Болған жағдайға қынжыламыз. Жастардың бірлікте болуын тілеп, әрі қарай мұндай жағдайға қатыспай, ақылмен шешкен дұрыс. Бұл жағдай енді қайталанбауы керек.
Дәуренбек Әбдібек, тілші:
Елдің ең басты талабы - сұйық отынның бағасын төмендету Қостанайда да жүзеге асты. Қазір аймақта сұйылтылған газ 70 тг. Ал көпшілік тұтынатын АИ-92 маркалы бензин 182 тг сатып жатыр. Өңірде көліктер мен азаматтардың жүріс-тұрысын қадағалайтын 14 тосқауыл бекеті орнатылған. Төтенше жағдай басталғалы бұл бекеттерде 7 мыңға тарта көліктен 10 600-ден астам тексерілді. Әзірге тәртіп бұзғандар жайлы дерек жоқ. Жағдай тұрақты.
Автор
Дәуренбек Әбдібек
Сондай-ақ оқыңыз
Барлығы
Жолдаудың негізгі басымдықтары талқыланды
30.10.2026, 20:30
Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы тауар айналымы артты
30.10.2026, 20:24
Шағын модульдік реактор симуляторымен жабдықталған оқу сыныбы ашылды
30.10.2026, 20:23
Жолдауда көтерілген бастамалар жаңа мүмкіндіктерге жол ашады
30.10.2026, 20:21
Жолдың сапасына қойылатын талаптар өзгереді
30.10.2026, 20:20
Өңірді дамытудың жаңа жоспары ұсынылды
30.10.2026, 20:19
Елдегі ең биік көпір ашылды
30.10.2026, 20:17
Израиль саяси тығырыққа тірелді: Жаңа үкіметті кімдер құратыны әлі белгісіз
30.10.2026, 20:15