Елде ахуал тұрақтанып, тұрғындар қалыпты өмірге қайта оралып жатыр - «Qazaqstan» Ұлттық телеарнасы

Елде ахуал тұрақтанып, тұрғындар қалыпты өмірге қайта оралып жатыр

09.01.2022

Ахуал тұрақтанып, тұрғындар қалыпты өмірге қайта оралып жатыр. Жағдай оңалғанымен, тәртіп күшейген. «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері тыныштықты қамтамасыз етуде күн-түн демей, қызмет етіп жүр. Ал Аягөздегі әскери қалашықта коммуналдық қызметпен қамтамасыз етуде кедергілер жоқ. Дүкендер мен банктер, өзге де әлеуметтік нысандар қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр.

Асан Жүсіпов, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлерінің қолбасшысы, генерал-майор:

Бүгінгі таңда стартегиялық және әскери нысандар жіті қорғауға алынды. Елдің амандығы үшін аянып қалмаймыз. Әрбір әскери антына адалдық танытып, ел басына күн туған сәтте қорған болу – борышымыз деп білеміз.

Таразда әскерилер құқық қорғау органдарымен бірлесіп, аса маңызды нысандарды күзету мен блокбекеттердегі қауіпсіздікке жауап береді. Аймақта 29 бекет жұмыс істеп тұр. Кіре беріс қақпаларда көліктер тексеріліп, азаматтардың жеке басы анықталуда. Әзірге бақылау бәсеңдемейді. Облыста коменданттық сағат енгізіліп, тұрғындардың кешкі және түнгі уақытта жүруіне шектеу қойылды.


Хабарламаларға жазылу